Расул Усманов халықаралық мюзиклге қатысады
Расул Усманов халықаралық мюзиклге қатысады

Музыкалық жас көрермен театры баспасөз қызметінің хабарлауынша, актер Расул Усманов халықаралық жо­бада басты рөлдердің бірінде ойнайды.

2020 жылдың 16-31 желтоқсан аралығында Санкт-Петерборда Музыкалық комедия театрының сахнасында француз композиторы Клод-Мишель Шенбергтің «Мисс Сайгон» мюзиклі өтеді. Қойылымды сахналауға атақты  режиссер Корнелиус Балтус же­текшілік ететін халықаралық топ жұмыл­дырылған. Естеріңізде болса, аталған ре­жиссердің тобы аты аңызға айналған «Бал вампиров» мюзиклінің ресейлік нұсқасын жасаған-ды. Театр ұжымының айтуынша, көп кезеңді кастинг өткен.  Ұлттық колоритті көрсетуді мақсат еткен кастингтен ең мықты әртістерді таңдап алған. Олардың дені Петербор көрермендерінің алдында алғаш рет өнер көрсетпек. Солардың бірі – танымал кино және театр актері, «Сахнагер-2019» Ұлттық театр жүлдесінің лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш ашылған Музыкалық жас көрермен театрының жетекші актері Расул Усманов. Расул негізгі құрамдағы басты рөл­дердің бірінде (Туи) ойнайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Му­зы­ка­лық жас көрермен театрының бас­шылығы мен ұжымы жоба ұйымдас­тырушыларына жә­не қойылымның барлық актеріне сәттілік ті­лейді. Ал Расул Усманов халықаралық жоба ак­терлерімен бірге тыңғылықты дайындық жа­сап жатыр.

Айбике ЖАНАСЫЛ