Абайлаңыз: Аяз, қалың қар, көктайғақ...
Абайлаңыз: Аяз, қалың қар, көктайғақ...
5,135
оқылды

Бүгін «Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа райы мың құбылады.

Антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде көбінесе, аяз болады. Солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан атмосфералық ағындрдың өтуімен кей жерлерде қар жауады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей аймағында тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.