Итбалықтың дауысына сүйсінді
Итбалықтың дауысына сүйсінді
107
оқылды

Экобелсенді Сәкен Ділдахметтің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы көпшілікті тәнті етті. Видеода Каспий теңізінде жаңа туған итбалықтың мұз үстіндегі әрекеті бейнеленген.

Видеоны экобелсенді Сәкен Ділдахмет Instagram  парақшасында жа­риялады. Жаңа туған итбалық анасын іздеп, дауыстайды. Желі қол­дану­шы­лары итбалықтың тәтті дауысына қызыққандарын жазған. Сәкен Ділдах­меттің айтуынша,  видео өткен жылы Солтүстік Каспий акватория­сында түсірілген. Жазба авторының сөзінше, итбалық ақпан айында туған. Итбалықтар мұзда күшіктейтіндіктен, олар мұз үстінде өмір сүреді. Кішкентай ит­балықтар жүзе алмайды. Сондықтан енелері мұзды тесіп, бір шығып, бір кіріп жүреді. Бұдан бұрын Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енген болатын.

А.ЖОЛДАС