Балалар ауруханасында сорпадан шыққан құртқа қатысты тексеріс аяқталды
Балалар ауруханасында сорпадан шыққан құртқа қатысты тексеріс аяқталды
193
оқылды

Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры, баланың әкесі Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол баласының 3 сағат дәрігерді күткенін, ұлы өзін нашар сезінгенін айтты.

«Достарыма қоңырау шалып, су мен қажетті заттарды отбасыма ауруханаға жеткізуін сұраған кезде шу шығарған жоқпын. Жұмыста болдым. Сағат 19.00-ден кейін ғана балама ауруханаға бардым. Кешкі ассыз қалса да, ешкімге шағымданбадым. Асқа біз күн сайын ақша төлеп отырмыз. Ауруханада балаға берілген тамақтан құрт шыққанда шыдамым шегіне жетті», – деп жазды Смағұлов.

Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

«Тексерістен кейін тамақ беретін қызметкерлердің жұмысына бақылау күшейтілді. Күн сайын сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін бөлімшелердегі тарату бөлмелерінің жұмысы, санитариялық-эпидемиологиялық режим, тамақты тарату процесінің өзі және тағы басқа жағдайлар бақылауға алынды», делінген басқарманың хабарламасында.