Көлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның мәйітін құтқарушылар алып шықты
Көлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның мәйітін құтқарушылар алып шықты

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шыққан. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Бүгін таңертең іздеуді жалғастырды.   [caption id="attachment_93789" align="aligncenter" width="1040"]мұз, Қызылорда, Арал, мәйіт Фото: ТЖД-дан алынды[/caption]    width=

7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы – 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денесі бар. Сағат 10.05-те құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін полицейлерге тапсырды. Іздестіруге 27 адам атсалысты.