Илон Масктің Марсқа ұшыратын зымыраны сынақтан өте алмады
Илон Масктің Марсқа ұшыратын зымыраны сынақтан өте алмады
141
оқылды

CBSNews-ге сілтеме жасаған «Қазақпараттың» жазуынша, сәрсенбіде Техас штатының Бока-Чика аймағында SpaceX компаниясына тиесілі Starship Mk1 ғарыш кемесінің прототипі сынақтан өту кезінде жарылып кеткен.

Метан мен оттегіге арналған цистерналар криогендік сұйықпен толтырылған кезде кеменің жоғарғы бөлігі жарылып кеткен. SpaceX компаниясы мәлімдемесінде сынақтың мақсаты кеме жүйелеріндегі қысымды барынша арттыру екенін және оның нәтижесі ойдағыдай болмағанын айтқан. «Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ал бұл оқиға жұмысты одан әрі тоқтатпайды» делінген ресми мәлімдемеде.

Компания жарылған кеменің прототипін жөндемейді. Бірден Mk3 тәжірибелі нұсқасын құрастыруға кіріспек.