Пара алмағаны үшін жұмыстан кетеді (видео)

Пара алмағаны үшін жұмыстан кетеді (видео)

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, «Надежда» басылымы «Женская интуиция» мақаласында параны кері қайтарған әйелдің әрекеті жайлы жазды.

Басылымның жазуынша, Орал қалалық сапа және тауар қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Рамазановаға қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Оған мейрамхана қожайынына «дұрыс» деп қорытынды жазып беруі үшін 100 мың теңге бермекке әрекеттенген. Пара бермек болған адам шенеунікпен кездесіп, барлығын жасырын камераға түсіріп, жазбаны Жемқорлықпен күрес қызметіндегілерге берген.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет бөлім басшысы пара алмаса да, жұмыстан босатылатынын айтты.

«Пара Рамазановаға аударылып қойған, бірақ бір сәтте ол ақшаны аударған адамға хабарласып, параны қайта алуын сұраған. Осылайша, Рамазанова пара алудан бас тартқандықтан және қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылған. Біз оны «Мемлекеттік қызмет» пен мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзды деп санаймыз. Осыған байланысты Рамазанованы жұмыстан босатуды сұраймыз», – деді ол.


Видео: дереккөзден