Орал: Мәйітхана қызметкері 10 жастағы қыздың сүйегін басқа біреуге беріп жіберген
Орал: Мәйітхана қызметкері 10 жастағы қыздың сүйегін басқа біреуге беріп жіберген
136
оқылды

«Қазақпараттың» жазуынша, Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жасар қыздың сүйегін мәйітханада шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген.

«Қазақпараттың» жазуынша, Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жасар қыздың сүйегін мәйітханада шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген.

Марқұмның әкесі Асылхан Қазиевтің айтуынша, мәйітханаға қызының сүйегін алуға 21 қараша күні сағат 17.00-лер шамасында барған.

«Мәйітхана қызметкерлері «қыздың сүйегін Бөкей ордасы ауданынан келіп, алып кетті» деді. Қайта таныстардан Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округіндегі Шоңай елді мекенінен келген тағы бір қыздың қайтыс болғанын, сүйегін ауылға алып кетеді деп естігенбіз. Дереу телефонын тауып, хабарластық. Сөйтсек, олар жарты жолға, Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы тұсына жетіп қалыпты. Мәйітті ашып қарамаған ғой. Ашса, басқа қыз екенін көрген. Енді олар кері қайтты. Қызымызды жұма күні жерлегелі отыр едік. Өзіміз қайғы жұтып отырғанда, мына жағдай тіпті есеңгіретіп тастады», – деді А.Қазиев.