Аялдамадағы апат: Төртінші адам қайтыс болды

Аялдамадағы апат: Төртінші адам қайтыс болды

Қызылордада аялдамада болған апаттан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының өлімін растады.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова: «Ауыр халде түскен зардап шегушіге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. Өкінішке қарай, қажетті ем-домның барлығы тиісті деңгейде жасалса да, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деді.

Бұған дейін Қызылордадағы жол апаты жайлы жазған болатынбыз.