М.Әуезов атындағы университет әлемнің үздік 500 ЖОО қатарына кірді
М.Әуезов атындағы университет әлемнің үздік 500 ЖОО қатарына кірді
154
оқылды

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті биыл алғаш рет UI Green Metric World University Rankings университеттерінің бүкіләлемдік рейтингісінің үздік 500 ЖОО қатарына кірді.

«Әлемнің 912 жетекші университеттерінің ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 458 орынға ие болды. Қазақстан Республикасының атынан 16 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде біздің университет 6-шы позицияда», – деп атап өтті университет ректоры Дария Пернешқызы. UI Green Metric рейтингі кампустарда тұрақтылықты (экологиялық тазалық) сақтау бойынша күш-жігерді анықтайды. Рейтинг тұтастай алғанда қоршаған ортаның, экономика мен әділеттіліктің тұжырымдамалық шеңберіне негізделген және әлемдік аренада университеттің имиджін арттыруға ықпал етеді. Университеттің республикалық және әлемдік рейтингтерде жетістіктерге жетуі оқу орнының жоғары кәсіби ұжымының еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Н. Назарбек.