Гонконгта төтенше жағдай: Қазақстандық студенттер аман-есен
Гонконгта төтенше жағдай: Қазақстандық студенттер аман-есен
101
оқылды

Бас консулдық Гонконгтағы қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп барлық қазақстандық студенттермен байланыс орнатып, қала аумағынан кетуді ұсынды.

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеме жасады.

«Бұған дейін Гонконгтан 208 студент елге келді. Жуырда тағы 14 студент қайтады. Кейбірі Гонконгтан кеткенін қазақстандық дипломаттарға ескертпей жатыр. Әлі Гонконгте төтенше жағдай енгізілген жоқ. Біз қазақстандық студенттердің елге қайтқанын қалаймыз. Өйткені университеттерде 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтатты. Бұл тек ұсыныс, ешкімді қаладан кетуге мәжбүрлей алмаймыз. Қалада қалған барлық студенттермен дипломаттар байланыс орнатып, оларға әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын», — деді Айбек Смадияров.

Кез келген жағдайдың анық-қанығы БАҚ-та және Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығының ресми сайтынан анықтауға болады.