Семіздігі үшін мысықты ұшаққа кіргізбей қойған
Семіздігі үшін мысықты ұшаққа кіргізбей қойған
128
оқылды

Сөйтіп, иесі мысыққа бизнес класстан орын алған.

Оқиға 5 қараша күні болған. «Аэрофлоттың» жолаушысы Михаил Галин Мәскеуден ауысып, Ригадан Владивостокқа ұшып бара жатқан. Сөйтіп, ол мысығымен Мәскеуге дейін еш оқиғасыз жеткен. Ал Шереметьевке келгенде, мысықты ұшаққа жібермей қойған. Бұл жайында мысықтың иесі өзінің Facebook парақшасына жазды.

Бір қызығы, бұл жағдайды әлеуметтік желі пайданушыларын елеусіз қалдырмады. Осы мәселеге байланысты үлкен шу көтеріліп, бүкіл ел биліктегілерге «жануарлар иесімен бірге ұшуы құқылы» деген питиция дайындаған. 

 Авиакомпания болса, мысықтың салмағы бекітілген нормадан асып кеткен соң, ұшақтың ішіне кіргізілмегенін мәлемдеді. Өйткені тіркеу орнында мысықты өлшегенде салмағы 10 келі шыққан. Ал компанияның ережесі бойынша жолаушы өзімен бірге, тек 8 келі ала алады. Сондықтан бекітілген салмақтан асса, оны багажға өткізуі тиіс.


Михаил болса, бұл әрекетті мысығы Виктордың өміріне қауіпті деп тауып, өткізбеді. Содан ол алған билетін қайтарып тастап, қуылаққа бармақшы болған. Сөйтіп, әуежайдан салмағы аздау үй жануарын тауып, тіркеу орнында өлшетіп, бизнес-классқа билет алған. 

Соның арқасында мысық «ханның баласындай» ұшақтың бизнес-класында ұшып келген.