Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтадан ауысымдағы барлық кеншіні шұғыл түрде эвакуациялады. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.
Шахтадан түтін шыққан. Жараланған туралы мәлімет жоқ.
"Ескі кен орнында 247 құрылғы түтін шыққаны туралы хабар берді. Кеншілердің барлығы жер бетіне шығарылды" деді "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бір қызметкері.
Ленин атындағы шахта 1964 жылы ашылды. Ол Қарағанды облысындағы көмір өндірілетін ең ірі кендердің бірі. 1996 жылы шахта "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына өтті.
Ленин атындағы шахтада 70-жылдандан бері кем дегенде жеті ірі апат болды. 2006 жылы тіркелген төтенше оқиға кезінде 41 кенші қаза тапты.