Санкт-Петербургте иттер қазақстандықты талап жеп қойған

Санкт-Петербургте иттер қазақстандықты талап жеп қойған

Санкт-Петербургте Нева өзенінің жағасында тігілген күркеден иттер талап жеген ер адамның сүйегі табылды, - деп жазады «Комсомольская правда — Санкт-Петербург». 

Мәйітті итімен серуендеп жүрген адам тауып алған. Ол жағажайда тігілген күркеге кіріп, ер адамның мәйітіне тап болған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның мәйітін тексеріп көріп, оның күркеде көп жатқанын анықтады.  Мәйіт шіріп кеткен.  Иттер оны жартылай талап жеген.

Сондай-ақ полицейлер оқиға орнынан 54 жастағы Қазақстан тумасының төлқұжатын тауып алған.  Құжатта оның Белоруссияның Могилев облысында берілгені жазылған екен.

Ер адамның мәйіті  өлім себебін анықтау үшін мәйітханаға жолданды. Тергеу комитеті тергеу-тексеру жұмыстарын жалғастыруда.