Мереке күндері елордада ірі сауда орталықтары тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

Мереке күндері елордада ірі сауда орталықтары тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. Әкім қалада жабық ғимараттардағы балалардың ойын алаңдарында, кинотеатрлар және басқа да адам көп жиналатын орындарда бірқатар шектеу бар екенін еске салды.

«Бұл шектеу шаралары жалғасады. Локдаун адамдарға қаншалықты қиын болғанын көрдіңіздер. Оның қайталанғаны кімге керек? Менің ойымша, біз бұған жол бермеуіміз керек. Жол бермеу сізге және маған - қоғамның әрбір мүшесіне тікелей байланысты. Ал мерекелік демалысты отбасымен өткізген дұрыс. Көптеген адамдар, әсіресе жаңа жылдық мерекелер алдында дүкендер, сауда орталықтарына жиі баратыны белгілі. Осы тар дәлізді кеңейту үшін біз ірі супермаркеттерді үзіліссіз жұмыс режиміне ауыстыруды ойластырып жатырмыз», - деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, тұрғындар кешкі сегізге дейін дүкенге асықпай, мереке алдында адам көп жиналатын жерлерден аулақ болады. Бірақ бұл мәселе әлі де талқыланады.