Трансплантология кезегі: Жылына 100-ге жуық адам қайтыс болады
Трансплантология кезегі: Жылына 100-ге жуық адам қайтыс болады

Жыл сайын ағза алмастыру тізімінде тұрған 100-ге жуық қазақстандық өз кезегіне жетпей қайтыс болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен трансплантология бойынша дөңгелек үстелде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда донорлық органдардың жетіспеушілігі туралы өткір мәселе бар, дейді «Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы» АҚ директорының міндетін атқарушы Әділ Жұмағалиев.

«Бұл сандар күн сайын өзгереді. Күту кезегінде – 3128 адам. Жыл сайын 100-ге жуық адам қайтыс болады, яғни олар операцияға дейін шыдамайды. 2706 адам бүйрек кезегінде, олардың 69-ы балалар, бауыр ауыстыруға 295 адам тіркелген, олардың алтауы бала, жүректің кезегінде 120 адам, оның 13-і бала, жеті адам өкпе трансплантациясын күтуде»,– деді Ә.Жұмағалиев.