Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының сынағына қатысқан 6 адам қайтыс болды
Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының сынағына қатысқан 6 адам қайтыс болды

АҚШ-та Pfizer америкалық-неміс вакцинасының сынағына қатысқан 6 адам көз жұмды, деп жазады couriermail.com.

Қайтыс болғандардың екеуіне препараттың өзі салынған, қалғандарына  — плацебо егілді. Марқұмдардың үшеуінің жасы 55 -тен жоғары болған. Бұдан басқа олардың бәрінде созылмалы аурулары болған. Вакцина салынғандардың біреуі атеросклероз және семіздіктен қиналған көрінеді. Ол препараттың бірінші бөлігін еккен соң үш күннен кейін қайтыс болған. Тағы бір ерікті препараттың екінші бөлігін еккен соң 60 күннен соң жүрегі тоқтап қалған. Үш күннен соң ол қайтыс болды. Плацебо салынған екі пациент инфаркт пен инсульттен көз жұмды, тағы екі адамның неден қайтыс болғаны анықталып жатыр.

Вакцинаны шығарушының баяндамасында «препарат бірінші еккеннен бастап қауіпсіздігіне және тиімділігіне кепілдік береді" деп жазылған.

Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы ерікті вакцина салу басталады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан коронавирусқа қарсы отандық және ресейлік вакцинадан басқа «AstraZeneca» (Ұлыбритания),  «Sinovac Biotech» (Қытай), «Pfizer» және «BioNTech» (АҚШ, Германия) вакциналарын сатып алуды жоспарлап отыр.