Блогер полицейлермен бірге жаттығады
Блогер полицейлермен бірге жаттығады
130
оқылды

Полиция департаменті жанындағы консультативтік кеңес органының өкілі, блогер Алдан Менкеев салауатты өмір салтын және жинақы дене бітімін белсенді насихаттайды. Ол тәртіп сақшыларына «Тікелей эфирдегі полиция стандарты» жобасын таныстырды.

Блогердің бастамасымен Қостанай облысы Полиция департаменті басқармаларынан алты қызметкері бір ай бойы ерекше әдіспен спорт залда шұғылданатын болады.

– Бүгін «Динамо» спорт кешенінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарына қатысып, онда күрес тәсілдеріне көбірек көңіл бөлінетінін көрдім. Алайда, жақсы нәтиже үшін бұл аздық етеді. Менің өзім тексерген арнайы әдістемем бар, – деп атап өтті Алдан Менкеев.

Спорт залдағы сабақтар тікелей эфирде жүргізіледі, сондай-ақ суреттерді сабақ басталғанға дейін және кейін жариялайтын болады.

– Бүгінде полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру әдісіне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ІІМ-де полиция стандарты әзірленіп, онда полицейдің сыртқы келбетіне қатаң талаптар қойылады, – деп атап өтті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы подполковник Ерлан Мусин.

Полиция қызметкерлері жыл сайын арнайы полигонда оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Күзеттің кәсіби жарамдылығын бағалауда физикалық форма бірінші орында тұрады.