Петропавлда құрылысшы биіктен құлап мерт болды

Петропавлда құрылысшы биіктен құлап мерт болды

Петропавлда құрылыс басында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

«Петропавлда Ж.Жабаев-Измаилов және Горький-Челюскин көшелерінің қиылысындағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты. Ол жоғарыдан құлап кеткен. 44 жастағы тұрғын алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Абайсызда адам өліміне соқтырған еңбек қорғау ережесін бұзу» бабы бойынша енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.