Мал ұрлығымен әйелдер де айналыса бастады
Мал ұрлығымен әйелдер де айналыса бастады
142
оқылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында полиция қызметкерлері тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысып келген 4 тұрғынды қолға түсірді. Олардың екеуі әйел,– деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан жылқы ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады.

«Олар жайылымда жүрген малды ұрлаған. Күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың осы тектес 5 мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екендігі анықталды. Оқиға орнында ұсталғандардың екеуі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады. Оқиға орнында айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,– деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.