Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
ІІМ мекемелердегі деректі жалпы базаға біріктіріп, ХҚКО мамандары жүргізуші куәліктерін ақпараттық ресурстар арқылы берген кезде өтініш берушінің есепте тұрғанын немесе жоқ екенін кез келген уақытта тексере алады. Мамандандырылған ХҚКО-да бұрынғыдай полиция қызметкерлері болмайды. Олар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қашықтықтан атсалысады.Қызмет көрсету азаматтар үшін барынша ашық және ыңғайлы тәртіппен жүзеге асырылады:
– өтініш беруші қарапайым халыққа қызмет көрсету орталығына немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді; – ХҚКО қызметкері автокөлікті тіркеуге және қайта тіркеуге құжаттарды қабылдауды, жүргізуші куәлігін беруді, практикалық және теориялық емтихандарды қабылдауды және басқада қызмет түрлерін жүзеге асырады; – полиция офицерлері электрондық өтінімдерді қашықтықтан қарайды, бұл ретте жүйе өтінімдерді қызметкерлер арасына еркін, рандомдық тәртіппен бөледі. ІІМ жүйелі цифрландыруды жүйелі жүргізуде және ведомство көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90%-ға жуығы цифрлық форматқа көшірілді.