Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен бірге «Қазақфильм» киностудиясында зиялы қауыммен жүздесті. Вице-премьер киностудияның жаңа бағдарламасымен танысты. [caption id="attachment_93995" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]«Осы жұмыстардың нәтижесінде, біз киностудияны жаңа халықаралық деңгейге, Азия аймағында көшбасшы орынға шыққымыз келеді. Біз алтын мұраны сақтай отырып, алға сапалы қадам жасағымыз келеді. Қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде», – деді Ақан Сатаев.«Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев мемлекет бөлген қаражатқа келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланғанын айтты. Үш жылда барлық нысандар жөнделеді. Екі ангар салынады, инженерлік желілер жаңартылады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақфильмдегі» өрт туралы жазған болатынбыз.