«Алтын орда» маңайындағы жол құрылысы қашан аяқталады?
«Алтын орда» маңайындағы жол құрылысы қашан аяқталады?

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жол қозғалысы биыл ашылады.

Бірақ «Алтын орда» жобасы кейінірек аяқталады. Осы кезге дейін Ақсай өзеніндегі көпір құрылысы, 3 жерүсті жаяу жүргіншілер көпіріндегі жұмыс аяқталған.

«Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр», – деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» өкілдері.

Айта кетейік, Алматыдағы «Алтын Орда» базары маңайындағы құрылыс-монтаж жұмысын «Дәулет-Дорстрой» ЖШС жүргізіп жатыр.