Бекшин қырағылықты жоғалтпау керектігін ескертті
Бекшин қырағылықты жоғалтпау керектігін ескертті
623
оқылды

Осы жағдайға байланысты ол тұрғындарды қауіпсіздік шараларын ұстанып, санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды.

«Карантин шараларын қатайту азаматтардың шектеу шараларын қаншалықты сақтайтынына байланысты болады. Егер барлық ережелерді жаппай елемеу салдарынан эпидемиялық жағдай ушығатын болса, онда біз қатаң шаралар қолдануға мәжбүр боламыз. Бізге қырағылықты жоғалтпау керек. Тек солай ғана қаламыздағы жағдайды ұстап тұра аламыз», – деді Жандарбек Бекшин.

Әлемдегі жағдайдың ушыға түскенін және мегаполисте сырқаттанудың көбеюі мүмкін деген болжамды ескере отырып, ол тұрғындарға шектеу шараларын сақтау мен өзіндік тәртіпті сақтау маңыздылығын еске салды.

«Карантин режимін ұстанып, күн сайын айтылып жатқан қарапайым ережелерді сақтау керек. Олардың орындалуын жақындарымыздан, туған-туыстарымыздан талап ету керек. Бұл – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, адамдар жаппай жиналатын орындарға, әсіресе жабық ғимараттарға бармау; қоғамдық көлікке бетпердесіз және қолғапсыз кірмеу; аса қажеттілік туындамаса ауасы қиын желдетілетін жабық мекемелерде көп уақыт өткізбеу; сырт киімдерді дезинфекциялық құралдармен өңдеу; қолды жиі жуу және балаларды жеке гигиенаны сақтауға үйрету; қолда антисептикалық құралдардың болуы», – деп атап өтті санитар дәрігер.

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, 8 желтоқсан күні магеполис коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймақта болған.

Жыл басынан бері аумақта коронавирус инфекциясының 16 667 оқиғасы, сонымен бірге, осы жылдың тамыз айынан бастап есепке алынған 1205 анықталмаған пневмония тіркелген.