Сәкен Майғазиев Әнұранды жатқа айтып шыққан спортшы қызға алғысын білдірді
Сәкен Майғазиев Әнұранды жатқа айтып шыққан спортшы қызға алғысын білдірді
187
оқылды

Әбу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде қазақстандық спортшы қыз Мөлдір Мекенбаева жеңіс тұғырына көтерілді.

Марапаттау рәсімі кезінде Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Алайда ұйымдастырушылар әнұранды аяқтамай өшіріп қояды. Сол сәтте жеңімпаз спортшы қыз жанкүйерлердің қолдауымен әнұранды жатқа айтып шығады.
Қазақстандықтар батыр қыздың әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғысын жаудыруда. Белгілі әнші Сәкен Майғазиев те спортшы қыздың патриоттық әрекетін жоғары бағалады.
"АЛЛА берген алтын қыз! Бір жыл бұрын "Әнұранымызды жатқа білмейтін спортшы ел намысын жан-тәнімен қорғайды дегенге сенбеймін", деп едім. Ынта-жігермен қорғаған жан Мөлдір Мекенбаевадай @mekenbayeva болса керек. Жасай бер, жігерлім!" деп Инстаграм парақшасында бөлісті.