Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрі-дәрмектің сатылғаны анықталды
Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрі-дәрмектің сатылғаны анықталды
109
оқылды

Прокуратураның мәліметінше, кәсіпкерлер 40 миллион теңгеден аса салық төлемеген.

Компания қараша айында 400 миллионнан аса теңгеге дәрі-дәрмек әкелген. Олар тауарды құжатта гуманитарлық жүк деп көрсеткен. Сондықтан олар кедендік алымдарды төлеуден босатылды. Бірақ прокурорлар кәсіпкердің кейін дәрі-дәрмекті сатқанын анықтады.

«Мұндай жағдайда компания кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуі керек еді. Салық мөлшері – 40 миллион теңге. Кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 236-бабының 1-бөлігі («Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеуден жалтару») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеу жүргізіп жатыр», – деді бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов.