Оралда оқушыны қағып, мерт қылған жүргізуші неге асыққанын айтты
Оралда оқушыны қағып, мерт қылған жүргізуші неге асыққанын айтты
5,115
оқылды

Орал қалалық сотында судья Нұрлан Губашевтің төрағалығымен Валерий Петрунинді қамауға алу санкциясы қаралды,– деп хабарлайды «Менің қалам» порталы.

Сот залындағы күдікті өз кінәсін толық мойындап, қайтыс болған қыздың туыстарына шын ниетімен көңіл айтты және соттан өзін түрмеге қамамауды өтінді.

– Сізден сұраймын, мені бостандықтан айырмаңыз, менің әйелім лейкемиямен ауырады және ол Алматыда босанбақшы. Апат болған күні мен әйеліме жетуге асықтым, ол қоңырау шалып, өзін жаман сезінетінін айтты», – деді Валерий Петрунин сотта өзін қорғап сөйлеп. – Мен өзімді жаман сезінемін. Мені босатыңыз, мен қайтыс болған қыздың отбасына қандай да бір жолмен көмектескім келеді.

Валерий Петрунин тергеу барысында екі айға қамауға алынған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану» және 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы» бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, Валерий Петрунин бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған болатын. Сонымен қатар, ер адам бұрын автокөлік жүргізу құқығынан айырылған.

arest-2 22.jpg
Описание изображения

– Сіз орташа ауыр қылмыс жасадыңыз. Алайда, қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанға дейін, сіз жол жүру куәлігінсіз көлік жүргізіп, салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқты. Апаттан кейін сіз қылмыс орнынан қашып, сол арқылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырыстыңыз. Сіз қоғамға қауіп төндіресіз», – деді судья Нұрлан Губашев.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні, сағат 20.50-де белгісіз жүргізуші 10 жасар қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқушы қыз жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Полиция көп ұзамай күдіктіні ұстап, уақытша тергеу изоляторына қамап, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайтыс болған Айару Ермек отбасындағы үлкені және каратэ мен биді жақсы көретін.