Қазақстанда дәрі-дәрмек тағы да қымбаттады
Қазақстанда дәрі-дәрмек тағы да қымбаттады

Energyprom.kz-тің зерттеуінше, бір жылда дәрі-дәрмек бағасы 9,7 процентке дейін қымбаттаған.

Антисептиктер, дене қызуын түсіретін, бүйрек ауруларына арналған және антибиотиктер бағасы өскен.    width=

«Антисептиктер бір жылда бірден 33,2 процентке, дене қызуын түсіретін дәрілер 16,3 процентке, бүйрек ауруларына арналған дәрілер 11,5 процентке, ал антибиотиктер 10 процентке дейін қымбаттаған. Ал аллергияға қарсы дәрі-дәрмек керісінше арзандаған. Бағасы бір жылда 0,4 пайызға төмендеген», – дейді сарапшылар.

Айта кетейік, бұған дейін гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген дәрі-дәрмек саудасы туралы жазған болатынбыз.