Қазақстандықтар дәмханалар мен мейрамханалардан қандай тағамға тапсырысты көп береді?
Қазақстандықтар дәмханалар мен мейрамханалардан қандай тағамға тапсырысты көп береді?

Қазақстандағы Yandex.Taxi қосымшасы қызметі арқылы азық-түлік жеткізуге тапсырыстың бірнеше айдағы нәтижесі жарияланды.

Қосымша қызмет қазақстандықтар көбінесе кафелер мен мейрамханалардан қандай тағам түріне тапсырыс беретіні туралы қызықты статистиканы дайындады. Рейтингтің басында гамбургерлер, екінші орында – қуырылған картоп, үшінші сатыда – пицца тұр. Ұлттық тағамдар бұл тізімде жоғары көрсеткішке жете алмаған. Компания мамандары мұны адамдар көбіне ұлттық тағамдарды өздері үйде дайындайтындығымен түсіндіреді. Айтпақшы, статистикаға сәйкес азық-түлік жеткізу уақыты өте жылдам. Қазақстан үшін орташа уақыт – 30 минут. Бүгінгі таңда ең жылдам тамақ жеткізу уақыты Алматыда 6,2 минутты, ал Нұр-Сұлтанда 13,3 минутты құраған.