Қорғаныстағы оқу-жаттығу
Қорғаныстағы оқу-жаттығу
120
оқылды

Қазақстанның Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қол­басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­шылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік орган­дардың бірінші бас­шыларының қатысуымен стратегиялық ко­мандалық-штабтық оқу-жат­тығуы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына оқу-жаттығудың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығу қазіргі сын-қатерді ескере отырып, Қазақстанның қор­­ғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақ­сатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.

Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы әскери қауіпсіздік саласын­дағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шара­ларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Оқу-жаттығу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан әскерінің сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.