Головкин-Шеремета жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкин-Шеремета жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

DAZN стриминг сервисі 18 желтоқсанда Холливудтегі (Флорида штаты, АҚШ) Головкин – Шеремета кездесуі қашан басталатынын хабарлады, – деп жазады Vesti.kz. Спорт порталының мәліметінше, жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған, ал басты кездесу сағат шамамен 20.00-де басталады.

Осылайша кездесу 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04.00-де, ал Головкин-Шеремета кездесуі сағат шамамен 07.00-де басталады. Алайда кестеде өзгерістер болуы мүмкін.
Кездесуде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 21-рет титулын қорғайды.