Қуыршаққа үйленген елордалық зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға шықты
Қуыршаққа үйленген елордалық зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға шықты
Жақында қуыршаққа үйленген елордалық Юрий Толочко зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға жалғыз өзі шықты. Жігіт елордадағы АҚШ елшілігінің ғимаратына келді. Ол аязда жартылай шешініп, өзін-өзі қоршауға кісендеді. Қолына зорлық-зомбылыққа қарсы шығуға үндейтін жазулары бар үлкен қағаз ұстаған. Ер адамның айтуынша, бұл акцияға шығуына қазанда өткен митинг қатысушыларының сөзі себеп болған. Әйелдің киімін киіп келген Юрийге олар қарсы шыққан.
«Онда ашулы бір топ адам болды, олар боқтап, адамды итеріп, сыртқы түріне қарап қана кемсітті. Бәрі бірігіп мені ұрмақшы болды. Ақыры мені ұрып жықты, мен есімнен танып қалдым. Кейін маған арандатты деп айып тақты, тағы басқа өтірік айыптаулар пайда болды. Қудалау тоқтамай тұр, митингті ұйымдастырушылардың өздері адамды қудалауға айдап салып отыр», – деп жазды Юрий Толочко Instagram-дағы парақшасында.
Айтуынша, оны ретжіткендер кешірім сұрамаған, сондықтан да ол осындай акцияға шыққан.
«Мен үшін олардың кешірім сұрағаны маңызды», – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада тұратын жігіттің қуыршаққа үйленгенін жазған болатынбыз.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от OddJack / Юрий Толочко (@yurii_tolochko)