АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 3011 адам қайтыс болды
АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 3011 адам қайтыс болды
148
оқылды
АҚШ-та коронавирус эпидемиясы басталғалы бері алғаш рет бір тәулікте үш мыңнан астам өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлады The New York Times. Өлім жағдайларының бұған дейінгі рекордтық көрсеткіші өткен аптада тіркелді – 2885 науқас қайтыс болған еді. Осы жолы АҚШ-та бір тәулікте 3011 адам дүниеден өтті. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне қарағанда,  10 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ-та 15 381 450 адам коронавирус жұқтырған. Елде індет салдарынан барлығы 288 мың адам көз жұмған.