Үздіктерге құрмет
Үздіктерге құрмет
117
оқылды

Алқа отырысына Қорғаныс ми­нистрлігі мен Бас штаб бас­шылығы, қауіпсіздік кеңесі өкіл­­дері, департаменттер мен бас басқармалар бас­тық­­тары, әскер түрлері бас қол­басшыларының орын­­ба­­сар­лары, өңірлік қол­бас­шы­лықтар мен әскер тектері әс­керлерінің қолбасшылары, бригадалардың, полктердің, авиациялық базалардың, сақтау қоймаларының, оқу орталықтарының ко­ман­­дир­­­­лері, әскери оқу орын­да­рының, әскери полиция ор­­­ган­дарының бастықтары, сер­­­­­жанттар құрамы, Қорғаныс ми­­нистрлігіне ведомстволық ба­ғынышты ұйымдардың бас­шы­лары қатысты.

Күн тәртібінде 2019 оқу жы­­лындағы Қарулы Күштер қыз­метінің қорытындысы қаралды.

Министрге әскерлердің жа­уын­герлік және жұмылдыру әзір­лі­гін, жедел, жауынгерлік және жұ­мыл­дыру дайындығын, сондай-ақ Қарулы Күштерді дамытудың жай-күйін талдау нәтижесін баяндады.

Қорғаныс министрінің бірін­ші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-майор Мұ­рат Бек­танов және Қорғаныс ми­нис­трінің орынбасары Бауыр­жан Тортаев баяндама жасады.

Генерал-майор Мұрат Бекта­нов­тың айтуынша, 2019 жылы Қарулы Күштерде жоспарланған бар­лық іс-шара толықтай орын­дал­ды. Жыл бойы бөлімшелер 20-дан астам халықаралық, 2 түра­ра­лық оқу-жаттығуға қатысты. Құр­лық әскерлерінде жауынгерлік даярлыққа қатысты 7000-нан ас­т­ам оқу-жаттығу өткізілді. Бұл оқу-жаттығулар әр елдің әскер топ­­­тарының өзара іс-қимылының жо­ғары деңгейге жетуі мен жеке құрам­ның жауынгерлік даярлы­ғы­ның артуына ықпал етті.

Құрылымдық бөлімшелерге жауаптылар әскер қызметінің жай-күйіне және әскери бөлімдер мен ме­кемелердің диверсияға қарсы қауіп­сіздігіне, сондай-ақ әскери тәр­тіпке талдауды таныстырды. Тал­қылау барысында әскери қыз­метшілердің отбасымен жұ­мыс істеу және жастарды әскери-пат­риот­тық тәрбиелеу сала­сын­дағы қыз­меттер назардан тыс қалмады.

Алдағы оқу жылында жаңа гео­сая­си жағдайларда қауіпсіздікке тө­нетін қауіп-қатерлердің көрсе­ті­­луін кепілдікпен қамтамасыз ете­тін Қарулы Күштердің бейнесін же­­­тілдіру жөніндегі жұмыс жалға­са­ды.

Министр жеке әскер түрін да­мыту, сондай-ақ әскерді кешенді қай­та жарақтандыру қажеттілігін атап өтті.

Кеңейтілген алқа отырысы со­­­ң­ын­да 2019 жылғы жауынгерлік са­йыс­тардың жеңімпаздары ма­ра­­­патталды. Әскер түрі ара­сы­нан Құрлық әскері, өңірлік қолбас­шы­лықтар мен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылары, Де­сантты-шабуылдаушы әскерлері үздіктер қатарынан көрінді.


М.БАҚЫТ