Парламент Мәжілісінің депутаты, партиялық куратор Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды
Парламент Мәжілісінің депутаты, партиялық куратор Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды
137
оқылды

8 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік мәселелер бойынша партиялық куратор Артур Платонов Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды, онда орталықтың қызметімен танысты.

Паралимпиадалық жаттығу орталығы – бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толықтай бейімделген Қазақстандағы алғашқы спорт орталығы. партиялық куратор Екі жылдан бері Орталық оқу-жаттығу сабақтарын өткізіп, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып келеді. Орталықта 3 спорт залы бар: жаттығу залы, ойын және жекпе-жек залы. Күніне 500-ге дейін адам жаттыға алады. Сондай-ақ Орталықта шағын кітапхана, мәжіліс залы, асхана, медициналық бөлім және 6 бөлмеге арналған шағын қонақ үй бар. Орталықтың ерекшелігі – мұнда Оңтүстік Корея мен Ресей сияқты шет елдердің паралимпиадашылары жаттығады. Осындай орталықтар АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Кореяда бар. Бұдан басқа, Орталыққа барған кезде партиялық куратор оқу-жаттығу жиындарын өткізу шарттарымен танысты, спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесті. партиялық куратор Партиялық кураторға Орталыққа келуші ерекше қажеттіліктері бар адамдар да өтініштерін білдірді. Олардың айтуынша, бүгінгі күні әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу, оңалту мәселелері, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері және т.б. өзекті болып қала береді. Барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері түсініктеме берді. Жекелеген сұрақтар партиялық куратордың бақылауына алынды.