«Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесі ашылды
«Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесі ашылды
495
оқылды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «ЕЛБАСЫ. БІРЛІК. КЕЛІСІМ» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Экспозицияға «Елбасы. Бірлік пен Келісім» үштұғырлықтың ортақ идеологиялық платформасымен біріктірілген мұрағаттық материалдар, фотосуреттер, кітаптар мен кәдесый-сыйлықтары ұсынылды. Көрме еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуде. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚХА депутаттық тобының жетекшісі С.А.Абдрахманов, ҚХА депутаттық тобының хатшысы Н.В.Жұмәділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев көрменің мақсаты – Тұңғыш Президент – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін және ондағы ерекше рөлін көрсету екенін алға тартты. Көрме Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін халықаралық қауымдастық мойындады. «Бұған қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов мырзаның жақында ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып сайлануы жарқын мысал бола алады. 2002 жылы Бас хатшы Кофи Аннан Қазақстан басқа мемлекеттердің алдында тұрақтылық пен дамудың үлгісі бола білгенін айтып өтті. Халықаралық ұйымдар – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі – біздің модельдің құндылығын мойындап, оның тиімділігін жоғары бағалады. Бұл көрме Сіздерге жалпыұлттық бірлік, келісім мен біртұтастық дәуіріне айналған тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын жақсырақ білуге және ең бастысы, оны түсінуге көмектесетініне сенемін», – деп атап өтті Жансейіт Қансейітұлы. Көрме