Айдос Ербосынұлы WBO әлемдік рейтингінде үздік бестікке кірді
Айдос Ербосынұлы WBO әлемдік рейтингінде үздік бестікке кірді
140
оқылды
Екінші орта салмақта (76,2 келі) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) WBO әлемдік рейтингте төртінші орынға жайғасты, деп хабарлады Prosports.kz. Бірінші орынға Intercontinental белбеуіне ие британ боксшысы Зак Паркер ие. Рейтингте екінші орынға америкалық Дэниэл Джейкобс жайғасқан. Үздік үштікті канадалық Дэвид Лемье түйіндеді. Естеріңізге сала кетейік, Ербосынұлы WBO Global белбеуіне ие. Оның WBA International белбеуі мен WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағы да бар. Соңғы рет ол  26 шілдеде Минскіде рингке шығып, неміс боксшысы Нуну Лавалды (27-8, 15 КО) жеңді. Оның келесі жекпе-жегі 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Ербосынұлының қарсыласы Гана өкілі Исса Самир (19-0, 16 КО) болады.