«Халыққа ертегі айту емес, нақты жұмысымызды көрсету қажет» – Азат Перуашев
«Халыққа ертегі айту емес, нақты жұмысымызды көрсету қажет» – Азат Перуашев
132
оқылды

Ak jol демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сайлау науқанының басталғаны туралы Telegram парақшасында жариялады.

«Құрметті Алаш елі, қадірлі әріптестерім! Сайлауалды науқанға басқан қадамымыз құтты болсын! Біздің мақсат – халыққа ертегі айту емес, нақты жұмысымызды көрсету, «Алаш» қайраткерлерінің   ұстанымдарын іске асыруға әрекет етіп, жеңіске жету! Ал, еліміз  дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. Сонда ғана халықтың тұрмысы, Тәуелсіз мемлекетіміздің жағдайы жақсарып, дами береді. Ісіміз сәтті болсын! Ақ жол!» – деп жазды партия төрағасы. Азат Перуашев Telegram парақшасында Ak jol демократиялық партиясы жаңа және әділ Қазақстанға апаратын өзгерістер бағдарламасының сілтемесін да жариялады.