Ауылдар чемпиондар конвейеріне айналады

Ауылдар чемпиондар конвейеріне айналады

Үкімет жылдамырақ қимылдауы керек, сонда ауыл-аймақтағы дарыны бойында бұйығып жатқан қаншама болашақ чемпион өз әлеуетін тезірек іске асыра алады. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Құжат бұқараны, бірінші ке­зекте балаларды спортпен және дене шынықтырумен шұғыл­дануға барынша тарту үшін қол­даныстағы заңнаманы же­тілдіруді көздейді. Мысалы, әкімдіктерге жергілікті тұр­ғын­дармен тікелей жұмыс істейтін спорт жөніндегі нұс­қаушы-инструкторлар штатын ашу құзыры беріледі. Әйтпесе, жат­тықтырушы жалдауды қара­пайым адамдардың қалтасы кө­термейді. Осы нұсқаушылар ха­лыққа арналған спорт үйір­мелері мен секциялар ашуы тиіс. Сон­дай-ақ білім беру бөлімдерінде балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары ашы­лады. Елімізде кезең-кезең­мен дәрігерлік-дене шынық­тыру дис­пансерлерін құру ісі қолға алы­нады. Білім берудің барлық дең­гейінде – балабақша, мектеп, ЖОО-ларда қазақтың ұлттық спорт түрлері білім беру бағ­дар­ламаларына міндетті құрауыш ретінде енгізіледі. Заң жобасымен жұмыс бары­сында депутаттар біраз түзету қос­­ты. Ол жергілікті бюджеттерден шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қарай нормативтік қаржы­лан­дыруды, мемлекеттік шы­ғар­ма­шылық және спорттық тап­сы­рысты қарастырады. Мәжіліс Спикері ел Пре­зи­дентінің жас ұрпақ бойындағы шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту міндетін қой­ғанын еске сала келе, қар­жы­лан­­дырудың нақты әдістемесін шұ­ғыл әзірлеу керегін атап өтті. Ол бұқаралық спортты өр­кендету ел болашағы, әсіресе жас­­­­тар үшін өте маңызды екеніне назар аудартты. – Қазіргі кезде ел беделін кө­теріп жүрген Олимпиада жеңім­паздары, әлем чемпиондары дәл осы бұқаралық спорттың тү­лек­тері. Қарасаңыз, мысалы бокс пен күрес бойынша чем­пион­да­ры­мыздың көбі ауылдан шық­қан. Сондықтан Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің негізгі бір мін­деті – спорт нұсқаушыларының жалақысын арттыру және олар­дың жұмысын лайықты ұйым­дастыру болуы тиіс, – деді Мә­жіліс төрағасы. Жиында депутаттар «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақ­станда микроқаржылық және коллек­торлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заңын бірінші оқылымда ма­құл­дады. Н.Нығматулиннің пі­кі­рінше, коллекторлық ком­па­ниялардың жарғылық капи­талының ең тө­менгі деңгейін бекіту бойынша уәкілетті ор­ган­ның құзыреті заңда жа­зылғаны жөн. Ал оның нақты сомасының көлемін Қаржылық реттеу агент­тігі өзі қабылдайтын заңдық ак­тілерде бекітуі керек. Спикер коллекторлар мен кол­­­лекторлық агенттіктердің қыз­метін қадағалаудың маңызды екенін нықтады. Әйтпесе, халық оларды «қалта қағатын» заң­дастырылған рэкет ретінде қа­былдайды.

Ерік ЕРДЕН