Оңтүстікте де қар жауады. Қазақстан өзге аймағында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Павлодар облысында тұман, жаяу бұрқасын болады. Түнде желдің екпіні 18 м/с-ке артады. Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облысында тұман болуы ықтимал.Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.