Ақтөбедегі шошқа фермасының иесіне 7 миллиард теңге айыппұл салды
Ақтөбедегі шошқа фермасының иесіне 7 миллиард теңге айыппұл салды
238
оқылды

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа базасына 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Экология департаментінің мәліметінше, ферма қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерге заңбұзушылықты жоюға уақыт берді. Егер талаптарды орындамаса сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.

Ақтөбе облыстық Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл: «7 млрд теңге шығын есептеліп отыр. Бір ай мерзім ішінде заң бойынша бюджетке түсу керек. Уақытында орындалмаған  жағдайда  әрі қарай сот арқылы өндіріп алу шараларын қарастыратын боламыз», – дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Бестамақ ауылындағы шошқа фермасы туралы жазған болатынбыз.