Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа базасына 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.
Экология департаментінің мәліметінше, ферма қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерге заңбұзушылықты жоюға уақыт берді. Егер талаптарды орындамаса сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.Айта кетейік, бұған дейін Бестамақ ауылындағы шошқа фермасы туралы жазған болатынбыз.Ақтөбе облыстық Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл: «7 млрд теңге шығын есептеліп отыр. Бір ай мерзім ішінде заң бойынша бюджетке түсу керек. Уақытында орындалмаған жағдайда әрі қарай сот арқылы өндіріп алу шараларын қарастыратын боламыз», – дейді.