Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады
132
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді. Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ.

Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.