Оңтүстіктен Солтүстікке 3 мың отбасы көшкен
Оңтүстіктен Солтүстікке 3 мың отбасы көшкен
123
оқылды

Соңғы үш жылда оңтүстіктен солтүстікке 3 мың отбасы көшкен екен.

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланған. Сол жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, 2017-2019 жылдары 5 119 отбасы немесе 18 379 адам көшіп келген. Оның ішінде 2019 жылдың 10 айында 2 266 отбасы немесе 8 168 адам қоныс аударды.

Көшіп келгеннің жалпы саны 3 037 отбасы - еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар болса, 2 082 отбасы - шетелден көшіп келген оралмандар.