Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80-ге жетті
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80-ге жетті
Фото: Интернеттен алынды
295
оқылды
«РИА Новостидің» жазуынша, Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті бір тәуліктің ішінде жаңа коронавирустан қайтыс болған адамдардың артқанын мәлімдеді. Құрбандардың саны 80-ге, ал коронавирусты жұқтырғандардың саны 2744-ке жетті. «Қазіргі кезде 461 адам ауыр халде жатыр. 51 адам ауруханадан шықты. Жалпы, ауруға шалдыққандардың саны шамамен 5794-ке жетті деген болжам бар. Статистикаға сәйкес, 8 оқиға – Гонконг, 7-уі – Макао, 4-уі Тайваньда болды» делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде. Дерттен көз жұмғандардың көбісі Хубэй провинциясының тұрғыны, соңғы мәлімете қарағанда, ол жерде 76 адам көз жұмды. Вирус жұқтырғандардың саны1 423-ке жеткен. Ауру ошағы – Уханьда қалаға кіріп-шығу шектелді, қоғамдық көлік пен көптеген қалалық нысандардың жұмысы тоқтатылды. Басқа елдер әуежайларда қосымша тексерістер енгізіп жатыр. Әзірге Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар. Бұған дейін Қазақстан Үкімет коронавирусқа байланысты сақтық шараларын күшейткенін жазған болатынбыз.