60 тонна етті қайда жіберіп отырмыз?
60 тонна етті қайда жіберіп отырмыз?
134
оқылды

Аптасына 60 тонна етті шетелге жіберіп отырғанымыз рас па?

Қазақстан – ет импорты бойынша Иран үшін маңызды стратегиялық серіктес. Сондықтан да апта сайын ол жаққа елімізден 60 тоннаға дейін ет жеткізіліп отырады. Бұл етті олар негізінен ірі мейрамханалар мен жоғары дейгейдегі кездесулер өткізетін банкеттерге сатып алынады екен. 

 - Осыдан бір жарым жыл бұрын Қазақстаннан қой етін сатып ала бастадық. Жамбыл облысында қасапхана таптық, оған инвестиция құйып, заманауи құрал-жабдық сатып алдық. Сонда мал сойып, етті қаптап, мұздатамыз. Бүкіл іс санитарлық-гигиеналық талаптарға сай өтеді. Нәтижесінде жоғары сапалы өнім шығады, ет тез дайындалады, дәмі де керемет. Сондай-ақ малды ислам ережелері бойынша соямыз, бұл біз үшін маңызды, - дейді ет импорттаушы компанияның бас директоры Джалал Есфахани.