Діни рәсімдерге өзгерту енгізілді
Діни рәсімдерге өзгерту енгізілді
116
оқылды

Еліміздегі бірқатар мұсылмандық діни рәсімдерді өткізуге қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы республика имамдарының онлайн форумында Қазастан Мұсылмандары діни басармасының тұрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

Биыл төртінші рет өткен имамдардың форумында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданды. Бұл құжаттар адамдардың діни мәдениетін сақтау мен дамытуға үлес қосады деген үміт бар. Бас мүфтидің айтуынша, бұл құжаттардың заңдық күші жоқ, тек насихаттау мақсатын көздейді. «Мысалы, ас бергенде адамдар ысырапқа бармауы тиіс. Біз құжатта ас берудің уақыты мен қандай тағамдар болуы тиіс екенін крсетеміз. Өздеріңіз білесіздер, қасиетті орындарға барушылардың саны көбейіп жатыр. Осы орайда шариғат шеңбері мен салт-дәстүрге сай зиярат жасауды үйретеміз. Яғни, асыра сілтеушілік болмауы қажет. Мұның барлығы адамдардың діни рәсім мен әдет-ғұрыпты ұстану мәдениетін қалыптастыру мақсатында жасалынып отыр», – деді ол. Оның айтуынша, діни рәсімге қатысты жаңа құжаттардың маңызын имамдар ел арасында насихаттауға кіріседі.

Айдана БЕГІМ