Ұлттық банк Белка мен Стрелкаға арнап монета шығарды
Ұлттық банк Белка мен Стрелкаға арнап монета шығарды
366
оқылды

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

«БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталары

Күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталар «Ғарыш» монеталар сериясымен шыққан. Монеталар Белка мен Стрелканың Қазақстан жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток» ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка – орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған «космонавт» иттер.    width= Монеталардың аверсінде ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жақ бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін: танталы бар күміс монетада «500 ТЕҢГЕ», мельхиор қоспасынан жасалған монетада «200 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «100 ТЕҢГЕ» деп жазылған. Танталы бар күміс монета номиналының астында – монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін «Ag 925 14,6 g Та 26,8 g» деген жазу бар. Төменгі жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) бар. Жиегінде мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған жазу бар.    width= Монеталардың реверсінде ортасында Белка мен Стрелканың бейнесі бар. Жоғары бөлігінде ашық ғарыштың символын білдіретін жұлдыздар шоғырын көруге болады. Жиегінде орыс тілінде «БЕЛКА» мен «СТРЕЛКА», ағылшын тілінде «BELKA» мен «STRELKA» деген жазу, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлы датасын білдіретін «1960-2020» деп айналдыра жазылған жазу бар.

 «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары  – «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» монеталар сериясының жалғасы. Сүндет той – қазақтың ұлттық ежелгі әдет-ғұрпы.    width= Монеталардың аверсінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра латын графикасымен мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Сол және оң секторларында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Төменгі жағында «TEŃGE», монетаның номиналын білдіретін күміс монетада «500» деген сан және мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталарда «100» деген сан бар.    width= Монеталардың реверсінде Сүндет той мерекелік салтының композициялық суреті бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде шаңырақтың айшықталған бейнесі және ұлттық ою-өрнек элементтері, «SUNDET TOI» деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында Ұлттық банктің логотипі және ою-өрнек қапталған монета шығарылған жыл. Монетаның сол және оң жағында күмістен жасалған «Ag 925» және «24 g» монета металын, сынамасын және салмағын білдіретін жазулар бар.

Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылданады. Барлық банкте шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталарды сату туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында жарияланады.