Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Анар Жарова айтты.
«Квазимемлекеттік секторда мемлекеттің қаржысы мен активтері шоғырланған. Сондықтан бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жіті қадағаланады. Биыл квазимемлекеттік секторда 83 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысы бары анықталды. Оның ішінде, 51-і әртүрлі дәрежедегі басшылар (20-сы – республикалық, 21-і – облыстық, 10-ы – қалалық және аудандық деңгейдегі). Сондықтан квазимемлекеттік секторға қатысты өзгерістер Қылмыстық кодекске енгізілді», – деді Анар Жарова.
Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі Парламентте талқыланып жатыр.