Қостанайда нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен
Қостанайда нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен
113
оқылды

23 қарашада «102» қызметіне Қостанай қаласының «Аэропорт» ықшамауданындағы контейнерлердің бірінде жаңа туған нәрестенің денесі табылғандығы туралы хабарлама түсті. Арнайы қызметтің адамдары мен полиция айтылған орынға дереу жетті,–деп хабарлайды alau.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Баланың анасын, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерді аралап, тұрғындар мен ықтимал куәгерлер арасында сауалнама жүргізіп, бейнекамераларды тексеруде. Оқиғаны полиция басқармасы мен облыстық прокуратура бақылауға алды.